Меню Закрыть

МЕН ЖАСТАРҒА СЕНЕМІН

Бүгін Түркістан әкімдігі жанындағы жастармен жұмыс жүргізу жөніндегі кеңесінің отырысы өтті. Кеңес отырысына қалалық мәслихат депутаттары Ақиқат Махмұдұлы мен Нұрсұлтан Үмбетұлы да қатысып, өз ой-пікір ұсыныстарымен бөлісті.

✅Жиынды ішкі саясат бөлімінің басшысы Бақытжан Кеңесбекұлы жүрізіп, Қ.А Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің вице-президенті Ә.Абуов, Түркістан Адалдық алаңы жобалық кеңсесінің жетекшісі Г.Қарсыбай, жастар ресурстық орталығының директоры Б.Дүкенбай, орта арнаулы оқу орындары директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларының пікірлерін және белсенді жастардың ұсыныс – тілектер тыңдады.

✅Кездесудің мақсаты жоғары және орта арнаулы оқу орындарында мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру бағытындағы 3 айда атқарған жұмыстарының есебі мен алдағы жоспарлар талқылау болатын.

✅Жастар ресурстық орталығының директоры Б.Дүкенбай кездесуді қорытындылап алдағы уақытта түзілген жоспар бойынша жастар 16 бағыт бойынша жұмыс жүргізетіндігін айтып, өз жаңалығымен бөлісті.
Жиын барысында қатысып отырған мәслихат депутаттары да өз ұсыныстарын айтып, жастарға әрқашан қолдау білдіретіндігін жеткізді.

✅Кездесу соңында жастармен жұмыс жүргізетін жоғары және орта арнаулы оқу орындары директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары арнайы алғыс хаттармен марапатталды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *