Меню Закрыть

ТАЛАПКЕРГЕ

          Түркістан  индустриалды педагогикалық  колледжі

(Мемлекеттік лицензиясы АБ №0038283).

Түркістан  индустриалды-педагогикалық колледжі–Оңтүстік өңіріне ғана емес, елімізге сапалы мамандар даярлаудағы мол тәжірибесі бар, 2012 жылы аттестацияның негізгі процедураларынан өткен және 10 жылдық тарихи дамуды еңсерген сапалы білім беретін техникалық және кәсіптік білім ордасы.  

  Техникалық және әлеуметтік салалардың жеке сұраныстарына сай техникалық, кәсіби мамандарды даярлауда сапалы білім беру колледждің алдына қойған мақсаттарының бірі.

Интерактив класы Колледждің екі оқу ғимараты санитарлық-гигиеналық нормаларына сәйкес жарық, кең, эстетикалық    жабдықталған.

«Жолаушы»ЖШС-Әлеуметтік серіктесіміз

Т

Теориялық біліммен қатар студенттер өндірістік мекемелерден іс-тәжірибеден өтіп, кәсіби нарықтың талаптарына сай болып шығады

Колледждің 2-ші ғимаратында «Теміржол көлігін басқару», «Жол қозғалысын ұйымдастыру», шеберханалары, «Автокөлік  жөндеу» зертханасы және 50 орындық жатақханасы бар.

Кітапхана, асхана, интернет, 5-интерактивті тақтамен жабдықталған сынып, 4-компьютер класы, 2 лингафондық мультимедиялық кабинет, конференция залы, акт залы стандартқа сәйкес спорт кешені бар.

Автокөлік

Жөндеу

Зертханасы

Колледжде бюджет есебінен техникалық мамандарды даярлауға арналған бағдарламасы аясында 9 және 11 сынып негізінде 1201000-«Автомобиль көлігіне қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» мамандығына-50 грант, 1202000–«Тасымалдауды ұйымдастыру және автомобиль көлігіндегі қозғалысты басқару» мамандығына–25 грант, 1203000–«Теміржол көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және  қозғалысты басқару» мамандығына–50 грант, 0104000 «Кәсіптік оқыту (Ауылшаруашылық өндірісін электрлендіру)» мамандығына–25 грант, 1304000-«Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыздандыру» мамандығына–50 грант (20100теңге–стипендия) мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша  оқытылады.

Теміржол

көлігін басқару

Шеберханасы

Колледждегі оқу үрдісі мәдени, спорттық шаралар және «Көңілді тапқырлар клубы (КТК)» секілді әр түрлі интелектуалды-танымдық іс-шаралардан жалғасын табуда.

Колледжде «үздік» оқитын және колледж өміріне белсене араласатын студенттерге 25% және 50% дейін толемақыдан жеңілдіктер беріледі.

Колледжді бітіргеннен кейін жоғарғы оқу орындарында қысқартылған мерзімде оқи алады.

Жол

қозғалысын

ұйымдастыру

шеберханасы

«ТҮРКІСТАН ИНДУСТРИАЛДЫ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНЕ» ҚАДАМ – КЕМЕЛ КЕЛЕШЕК, БАЯНДЫ БОЛАШАҚТЫҢ БАСТАМАСЫ.