Түркістан индустриалды – педагогикалық колледжінің студенті:
- Қазақстан Республикасының патриоты, ол Егемен Қазақстанның маңызды атрибуттары – Гимнді, Туды, Елтаңбаны құрметтейді;
- Қазақстан Республикасының лайықты азаматы, таңдаған мамандығының кәсіби шебері болуға және осы оқу орнының өкілі екенін әрқашан есте ұстауға, оның ар — намысы мен имиджін қадірлейді, абыройына кір келтірмейді;
- оқытушыларды және үлкендерді сыйлайды, қоғамдық орындарда және топтың алдында дөрекі мінез көрсетпейді;
- парасаттылықтың, мәдениеттіліктің үлгісі, ол адамгершілікке жатпайтын әрекеттерге төзбейді, адамдарды жынысына, ұлтына немесе діни ерекшеліге қарай кемсітуге жол бермейді;
- салауатты өмір салтын ұстанады және барлық зиянды әдеттерден бас тартады;
- оқу орнының дәстүрлерін құрметтейді, оның мүлкін күтіп ұстайды, студенттер жатақханасында тазалық пен тәртіпті сақтайды және академиялық теріс әдеттердің барлық түрлерімен күресуді өзінің міндеті деп санайды;
- білім алудан жалықпайды және үнемі өз білімінің деңгейін арттырады, шығармашылық (ғылыми, білім, спорт, көркемөнер және т.б.) белсенділікті дамытуға, колледж беделін көтеруге бағытталған барлық қызметтің қажетті және пайдалы екенін мойындайды;
- «Мәңгілік Ел» құндылықтары ретінде көпұлттық татулықтың достығын сақтауға, құрметтеуге, үш тұғырлы тілді меңгеруге өзін міндетті санайды;
- студент «Түркістан өңірі» Түркістан индустриалды педагогикалық колледжінің негізгі этикалық құжаты – Ар-намыс кодексін қалтқысыз орындайды.